Барлыбайұлы Ержан

2016-11-15 07:09:00

Барлыбайұлы Ержан 1977 жылы  18 ақпанда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосында туған.

Білімі жоғары, 2000 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін психолог мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек  жолын 2003 жылы Атырау қаласы әкімі аппаратының бас маманы қызметінен бастады.

2003-2007 жылдарда Атырау облысы Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және  жоюды ұйымдастыру  басқармасы бас маманы, бөлім бастығы қызметтерін атқарды.

2007- 2012 жылдарда Атырау облыстық мәслихаты аппаратының бас маманы

2012 жылдан 2016 жылдың мамырына дейін  Атырау облыстық мәслихаты аппараты басшысының орынбасары

2016 жылдың 27 мамырынан бастап Атырау облыстық мәслихаты аппаратының  басшысы, Қоғамдық кеңес хатшысы.

Барлыбайұлы Ержан өзіне тапсырылған істерді адал және үлкен жауапкершілікпен атқарады, тапсырмаларды жедел мәне уақтылы орындайды. Өз қызметі саласындағы құзыреттерді жақсы меңгерген және практикалық жұмыста біліктілікпен пайдалана алады. 2016 жылдың ақпанынан бастап облыстық Қоғамдық кеңестің хатшысы болып сайланды. Жаңадан құрылған Қоғамдық кеңестердің қызметін қалыптастыруға және өкілді органдардың азаматтық қоғам институттарымен байланысын дамытуға үлес қосып келеді.

Марапаттары: Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл мерекелік медалі-2014 ж., ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Атырау облысы бойынша департаментінің,  Атырау облыстық мәслихатының Алғыс хаттары.