Бисенова Жібек Қуанғалиқызы

2016-11-15 07:09:00

Бисенова Жібек Қуанғалиқызы 1956 жылы 11 қараша  Атырау облысы Құрманғазы ауданы  Ганюшкино селосында туған.

Білімі жоғары, 1980  жылы Актөбе Мемлекеттік Медицина институтын педиатр  мамандығы бойынша бітірген.

1980-1989 жылдар аралығында Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында біріккен қалалық ауруханасында дәрігер-ординатор, педиатрия бөлімінің меңгерушісі

1989-1995 жылдар аралығында Атырау облысындағы  біріккен қалалық балалар ауруханасында  дәрігер, бөлім меңгерушісі, аурухана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, аурухананың бас дәрігері

1995-1996 жылдары Атырау қалалық денсаулық сақтау бөлімі басшысының орынбасары 

1996-1998 жылы  «Атырау облысының Айбөбек» балалар қорында облыстық денсаулық сақтау саласының жетекші маманы қызметтерін атқарған.

1998 жылы осы қызметте жүріп, мемлекеттік емес «БолашақК» қоғамдық қорын және қордың  жанында, құрамында еңбек тәжірибелері мол маман дәрігерлерді жинап, халыққа мамандырылған медициналық  көмек көрсететін   емдеу-сауықтыру орталығын ашты.

Үкіметтік емес ұйымдар арасында ұйымдастырылған  «Азаматтық қоғамның дамуы - еліміздің жарқын болашағының кепілі» атты көрме қорытындысымен «Салауатты ұлт - Қазақстанның өркендеуі» номинациясы бойынша қоғамдық қоры жеңімпаз атанды. 

2016 жылдың ақпанынан бастап Атырау облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне сайланды, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланысты нығайтуға айрықша үлес қосты.

Марапаттары: Қазақстан Президенті жанындағы отбасы және әйелдер істері комиссиясының  өткізген  республикалық сайысында «ҮЕҰ»номинациясында  «Әйел басқарған озық мекеме» дипломымен (2002 ж.), "НұрОтан" партиясының (2011ж.), Атырау облысы ақпарат басқармасының  (2003ж.)  Құрмет грамоталарымен , Атырау облысы әкімінің (2007ж.), «Қазақстан Азаматтық Альянс" заңды тұлғалар бірлестігінің (2011ж.)  алғыс хаттары; ҚР Мәдениет және Ақпарат Министрлігі және Қазақстан Азаматтық Альянс жанынан Республикалық «ТАНЫМ» премиясының дипломанты (2007ж.).

 Атырау облысы бойынша саясаткер әйелдер клубының мүшесі.