Дәулетқазиев Ерболат Ғұсманұлы

2016-11-15 07:09:00

Дәулетқазиев Ерболат Ғұсманұлы 1954 жылы 17 шілдеде  Гурьев облысы Құлсары қаласында туған.

Білімі жоғары, 1986 жылы Гурьев атындағы педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын 1986 жылы С.Мұқанов атындағы №10 орта мектебінде мұғалім болып бастап,  25 жыл қызмет еткен.

Кейін, 1998-2012 жылдары аралығында облыстық Білім беру басқармасында бас маман, 2012 жылдан бері Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Атырау облыстық филиалының 1-ші хатшысы.

Жоғарғы санатты мұғалім. Атырау облысындағы әскери-патриоттық клубтардың, әскери дала жиындарының негізін қалаушы. Көптеген ғылыми еңбектері, газет - журналдарда мақалалары жарыққа шықты.

Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясын насихаттаушысы. Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Атырау облыстық филиалының 1-ші хатшысы ретінде республиканың рухани және зияткерлік әлеуетінің дамуына үлкен үлес қосып, сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғауда белсенді қызмет атқаруда.

2016 жылдың ақпанынан бастап Атырау облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Қоғамдық кеңестің жұмысына белсене араласып, мәжілісте қаралатын мәселелерге жан-жақты талдау жасап, нақты шешімдер алынуына өз ықпалын тигізіп отырады.

Марапаттары: «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төс белгісі  (2011ж.),  «Батыр шапағаты» төс белгісі (2010ж.),

 «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж.), «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің  20 жылдығына орай», «Қазақстан Республикасының Конституциясына   20 жыл» мерекелік медальдары.