Кенжеғұлов Бекет Зинешұлы

2016-11-15 07:09:00

Кенжеғұлов Бекет Зинешұлы 1960 жылы 28 қазанда  Атырау облысы  Махамбет ауданы,  Ө.Атанбаев ауылында туған.

Білімі жоғары, 1983 жылы Аль-Фараби (С.М.Киров) атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін математик-оқытушы мамандығы бойынша    бітірді, физика және математика ғылымдарының кандидаты, техника ғылымдарының докторы, профессор.

Министрліктің жолдамасымен 1983 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау (Гурьев) мемлекеттік университетіне (педагогикалық институтына) математик-оқытушы болып жұмысқа орналасып, әртүрлі педагогикалық – ғылыми қызметтерді атқарды, қазіргі уақытта факультет деканы лауазымында қызметін  атқаруда.

V  шақырылған    Атырау  облыстық   мәслихатының      депутаты,

2016 жылдың ақпанынан бастап Атырау облысының  Қоғамдық кеңесінің мүшесі.

Атырау облысының әлеуметтік саласының дамуына белсенді үлес қосып, көптеген білім беру саласында, қалаішілік инфрақұрылымдарды дамыту мәселесі бойынша көптеген игі істердің бастамашысы болды.

Қоғамдық кеңесте қаралған мәселелерді талдау, кеңес жұмысының тиімділігін арттыру, халықпен ара қатынасын нығайту мәселерінде белсенділік танытып келеді.

110  ғылыми мақаланың авторы, 2 мақаласы ҚР ҰҒА-ң баяндамаларында (№5 2002, №5 2003),  10 мақаласы шет мемлекеттердің ғылыми журналдарында (ИСА РАН Москва қаласы) жарық көрген, 1 монография, 6 оқу құралын жазған.

Марапаттары: Ы.Алтынсарин төс белгісі (2010 ж.),  «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалі (2014 ж.), Қазақстан Республикасы білім министрлігінің (1993 ж.), Атырау облысы әкімінің (2001ж.) Құрмет грамоталары, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың (2013ж., 2015ж.), Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университеттің алғыс хаттары (2001ж.).