Юсупов Ермекқали Төлепкалиұлы

2019-06-14 05:47:36

Юсупов Ермекқали Төлепкалиұлы 1965 жылы                        2 қазанда Атырау облысы Балыкшы ауданы Жұмыскер поселкесінде дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1989 жылы Волгоград политехниқалық институтында автомобиль көліктерін пайдалану жөніндегі инженер, 2001 жылы Евразия нарығы институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1989 жылы Гурьев облысының автокөлік бірлестігінде жолаушылар тасымалың пайдалану бөлімнін инженері болып бастап, бөлім бастығына дейін көтерілді.

1991-1993 жылдары Атырау қалалық әкімшілігінде өнеркәсіп, көлік, энергетика және турғын уй-коммуналдық шаруашылығы бөлімнің менгерушісі қызметін атқарды. 

1993 жылдан Атырау Облыстық әкімдігінде экономика басқармасында өнеркәсіп және көлік бөлімнің бас маманы, экономика және сауда министрлігінің өкілі, сыртқы байланыс қызметі бөлімнің бастығы лауазымдарында жұмыс атқарды.  1999 жылдан бері «Каспий» ЖШС-нің директоры болып қызмет етуде. 

2007 жылы Атырау қалалық маслихатының IV шақырылымына депутат болып сайланды.  2012 жылы Атырау қалалық маслихатының V шақырылымына депутат болып сайланды.  2016 жылы Атырау облыстық маслихатының депутаты болып сайланды. 2016 жылдың ақпанынан бастап Атырау облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі.

Марапаттары: Қазақстан Республикасының  «Құрмет» ордені (2015ж), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20-жыл»  (2011 жыл), «Қазақстан Мәслихаттарына 20 жыл» (2014 жыл)  мерекелік  медальдарымен, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың (2011 жыл), «Нұр-Отан»  партиясының  (2010 жыл) Құрмет грамоталары.