Қыстаубаева Әсия Баянқызы

2019-08-08 12:25:35

Қыстаубаева Әсия Баянқызы   22  желтоқсан 1964  жылы Гурьев облысы, Гурьев қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1988 жылы Гурьев педагогика институтын Математика мен физика пәнінің мұғалімі, 2009 жылы,  Х.Досмұхамедов атындағы  Атырау мемлекеттік  университетін Мемлекеттік және жергілікті басқару   бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы«Гурьевнефтегазгеология» Бірлестігінің Орталық лабораториясы, химия секторының аға лаборанты болып бастаған.

1983-1988 жылдары Гурьев педагогика институтында студент,

1988-1989 жылдары Манғыстау облысы Шевченко (Ақтау) қаласында  №1 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі

1989-1991 жылдары Гурьев облыстық статистика басқармасының қаржы және баға статистикасы, баланс бөлімінде  экономист

1991-1992 жылдары Гурьев облыстық статистика басқармасының облыс халқының өмір деңгейі мен әлеуметтік дамуын талдау бөлімінде  аға экономист

1992-1993 жылдары Гурьев облыстық статистика басқармасының  халықтың әлеуметтік өмір деңгейін талдау және талдау статистика бөлімі, бөлім бастығының орынбасары-топ басшысы

1993-1994 жылдары Атырау облыстық статистика және талдау басқармасының әлеуметтік дамудың талдау бөлімі, аға экономист

1994-1995 жылдары Атырау облыстық статистика және талдау басқармасының ұйымның әлеуметтік-экономикалық талдауы және статистика оқыту бөлімінде  1 санатты экономист

1995-1996 жылдары Атырау облыстық статистика және талдау басқармасының статистикалық жиынтықпен талдау статистикасы және ұйымдарды тіркеу бөлімінде  жетекші экономист

1996-1997 жылдары «ИЕН» ЖШС- де  бас экономист

1997-1999 жылдары Облыстық экономика және сауда бас басқармасының нарықтық реформалар экономикалық дамуын жоспарлау департаментінде бас маман

1999-2001 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының кадр жұмысы және ұйымдастыру бөлімінде  бас маман

2001-2003 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімі, бас маман-меңгерушінің орынбасары

2003-2004 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімі, меңгеруші

2004-2006 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі, меңгеруші

2006-2008 жылдары Атырау облысы әкімі аппараты басшысының  ұйымдастыру-бақылау  және кадр мәселелері бойынша орынбасары

2008-2011 жылдары Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы, басқарма бастығы,

2011- 2012 жылдары Атырау облысының Статистика департаменті, департамент бастығы

2012-2013 жылдары Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының  басқарма бастығы орынбасары

2013 жылдың мамыр айынан  Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының  басқарма бастығы.

2017 жылдың мамыр айынан  Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы.

Марапаттары:

2005 ж- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі

2008 ж -«Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалі

2011 ж- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі.