Әжіғалиева Айгүл Теміртасқызы

2016-11-15 07:09:00

Әжіғалиева Айгүл Теміртасқызы  24 қаңтар 1966 жылы Атырау облысы,  Атырау қаласы,   Дамбы селолық округінде дүниеге келген.

Білімі жоғары,  1985 жылы  Целиноград қаласының қаржы-экономикалық техникумын, 1991жылы  Алматы қаласының Халық шаруашылық институтын қаржы қызметкері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы  Гурьев облыстық қаржы бөлімінің кадр жұмысы бойынша аға инспекторы болып бастаған.

1985-1986 жылдары облыстық қаржы бөлімі бюджеттік бөлімнің тексеруші-инспекторы

1986-1989 жылдары облыстық қаржы басқармасының бюджеттік  бөлімінің  аға  экономисі

1989-1992 жылдары облыстық қаржы басқармасының бюджеттік бөлімінің  жетекші маманы

1992-1993 жылдары облыстық қаржы басқармасының бюджеттік  бөлім бастығының  орынбасары

1993-1995 жылдары облыстық қаржы басқармасының басқару аппаратын қаржыландыру,  әкімшілік органдары  және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім  бастығы

1995-1996 жылдары облыстық қаржы басқармасы  бастығының міндетін атқарушы-бюджеттік бөлімнің  бастығы

1996-1998 жылдары облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары-бюджеттік бөлімнің  бастығы

1998-1999 жылдары облыстық қаржы басқармасы бастығының міндетін атқарушы

1999-2000 жылдары облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары-бюджеттік бөлімнің бастығы

2000-2001 жылдары облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары

2001-2002 жылдары облыстық қаржы басқармасының  басқарма бастығы

2002-2005 жылдары облыстық қаржы басқармасы бастығының  орынбасары

2005-2006 жылдары Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары

2006-2008 жылдары Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директоры

2008-2010 жылдары Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының  бастығы

2010 жылдың маусым айынан Атырау облысы әкімінің орынбасары.

Марапаттары: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі (2001ж)

«Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы» (2005 ж. )

«Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалі (2008ж)

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011ж)

«Құрмет» орденімен (2011ж).