Өтешов Мұрат Сақтайұлы

2016-11-15 07:09:00

Өтешов Мұрат Сақтайұлы 1948 жылы 17 желтоқсанда Атырау қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1975 жылы Гурьев педагогикалық институтын тарих пәнінің мұғалімі, 1991 жылы Москва заң институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1966-1967 жылдары Ақтөбе қаласындағы техникалық училищесінде білім алды.

1967-70 жылдары әскер қатарында әскери-теңіз флотында азаматтық борышын өтеді.

1970-1973 жылдары Гурьев қалалық комсомол комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі

1974-77 жылдары Қазақстан Лениншіл Жастар Одағының Комитеті Гурьев қалалық комитетінің бірінші хатшысы

1977-1980 жылдары Гурьев облыстық партия комитетінің нұсқаушысы.

1980-1982 жылдары жоғары партия мектебінің тыңдаушысы болып, политолог мамандығын алған.

1982-1987 жылдары Гурьев облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, әкімшілік бөлімінің меңгерушісі болған.

1987-1989 жылдары Ембі, Индер аудандық партия комитеттерінің екінші хатшысы

1989-1996 жылдары Гурьев, Батыс аумақтық, Атырау кеден «терминал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болған.

2001-2003 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.

2003 жылдан бері «Атырау Меншік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры.

Марапаттары: Қазақстан лениншіл Жастар Одағының Комитетінің Алғыс хаттары мен «Белсенді қызметі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, 2013 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.