Атырау облыстық коғамдық кеңесі қарары

2016-07-08 06:57:00

Облыс көлеміндегі қалдықтар полигиондары және өндірістік қалдықтарды,сарқынды суларды залалсыздандыру жұмыстары туралы

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы О.Бисембиевтің ,Атырау қаласы әкімдігі  мен аудан әкімдіктері өкілдерінің  және өндіріс орындары басшыларының хабарламаларын талқылап,Облыстық қоғамдық кеңес отырысы төмендегідей ұсынымдар  қабылдайды;

1.Тұрмыстық  ,өндірістік қалдықтарды басқару жүйесі «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы» ҚР Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығын басшылыққа алуға;                                             

2.Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына, қала,аудан әкімдіктеріне ҚР Үкіметінің 2014-2050 жылдарға арналған бағдарламасында көрсетілген іс-шараларды мүлтіксіз орындалын қамтымасыз етуге:

3.Атырау қаласы мен аудан әкімдеріне тұрмыстық қалдықтарды өңдеу,жинау және тасымалдау,қалдықтарға арналған контейнерлер  алаңдарын орналастыру,ірі габаритті қалдықтарды  т.б. қалдықтар санаттарын қадеге дарыту жүйелерін дамытуға,қалдықтармен тұрақты жұмыс істеу және осы бағыттағы істелетін барлық операцияларға күнделікті бақылауды, қалдықтардың қалыптасуын болдырмау және мейілінше азайтуға,қауіпті өндірістік,тұрмыстық қалдықтардың өңдеу жүйесіне  көңіл бөлуге,қағаз,пластмасса,шыны, металл қалдықтарын бөлек жинауды,тұрмыстық, өндірістік,құрылыс қалдықтарына  арналған  полигиондарды  орналастыру , залалсыздандыру, жер асты және жер үсті көму  тәртіптерін Ережеге сай  ұйымдастыру, қоқыс қалдықтарымен ластанған,канализация жүйелері арқылы «карталарға» шығарылатын сарқынды суларды тазартудың  биологиялық, физико-химиялық әдістерін қолдануға;

4.Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына/Арыстанов/,өңірдің кәсіпорын басшыларына  қоршаған ортаны қорғау шараларын күшейту,жергілікті экологиялық ахуалды бақылау, қорғау,өндірістік экологиялық сенімділік  деңгейін арттыру, экологиялық аудит процедураларын кеңнен енгізу,өндірістік қалдықтармен ластанған суларды тазартудағы  орын алып отырған проблемаларды шешуде шетелдік оң тәжірибелерді кеңнен пайдалануға;

5.Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына,Атырау қаласы мен аудан әкімдеріне қоғамдық кеңес отырысында көтерілген мәселелерді мұқият зерделеп,тиісті ұйымдастару шараларын алуды ,экологиялық мәселелелердің шешілуіне қаражат бөлуді бақылауда ұстауды ұсынады және осы қарардың орындалу барысы туралы хабарлама 2016 жылдың        01 желтоқсанына  қоғамдық кеңес хатшылығына тапсырылсын.

 

Қоғамдық кеңес

төрағасы -                                                               М.С.Өтешов