№9 01 маусым 2016 ж. Облыстағы денсаулық сақтау жүйесінің жәй-күйі, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, фармцевтикалық қызмет көрсету туралы

2016-06-12 21:07:00

А Т Ы Р А У  О Б Л Ы С Т Ы Қ  Қ О Ғ А М Д Ы Қ  К Е Ң Е С І

01 маусым 2016 ж.

№9

Атырау қаласы

 

 

Облыстағы денсаулық сақтау

жүйесінің жәй-күйі,

санитарлық-эпидемиологиялық ахуал,

фармцевтикалық қызмет көрсету туралы

 

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Қ.Жұмыровтың және салалық емдеу мекемелерінің бас дәрігерлерінің күн тәртібіндегі хабарламаларын  тыңдап, талқылап облыстық қоғамдық кеңесі отырысы ҚАРАР ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы /А.Жұмыров/ мен емдеу саласының барлық жүйесіне «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – 100 нақты қадам», «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын мүлтіксіз орындау;

2. Саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың әлеуметтік мәселелері мен тұрмыстық жағдайларына көңіл бөлу, білікті мамандардың  тәжірибелерін ұтымды пайдалану, диагностикалық емдеу және профилактикалық көмекті жетілдіру, медициналық қызметтің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мемлекеттік стандарттарға сай болуын қамтамасыз ету, әлеуметтік гигиенаны жақсарту, өмір ұзақтығын өсіру, ана мен бала өліміне жол бермеу;

3. Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті /Ө.Зинуллин/ санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеуге және бағыттауға арналған жұмыстарды жоғары талаптарға сай ұйымдастыруға, инфекциялық бақылауды күшейтуге, өңір аумағындағы инфекция ошақтарын қадағалау;

4. Фармациялық жүйені нақты түрде дамытуға, дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және медициналық техникалардың сапасын қадағалауға, жарамды мерізімі өткен дәрі-дәрмектерді пайдалануды уақтылы тоқтатуды бақылауда ұстау ұсынылады.

5. Атырау облыстық қоғамдық кеңесі отырысының  ҚАРАРЫ тиісті шаралар алу  үшін Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына /А.Жұмыров/ жолданады және орындалуы жөніндегі хабарлама 2016 жылдың 01 қарашасында Кеңес хатшылығына табыстау ұсынылады.

 

 

Қоғамдық

кеңес төрағасы                                                                            М.С.ӨТЕШОВ