№9 14 маусым 2016 Облыс көлеміндегі қалдықтар полигиондары және өндірістік қалдықтарды, сарқынды суларды залалсыздандыру жұмыстары туралы

2017-06-19 09:40:00

Атырау облыстық Қоғамдық кеңесі күн тәртібіндегі мәселені  «Нұр Отан» партиясының, «Ақ жол» демократиялық партиясының, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының облыстық филиалдарымен және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен бірлесе талқылап ҚАРАР ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына (Қ.Арыстанов), Атырау қаласы және аудан әкімдеріне:
    • Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету
  2. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына (Қ.Арыстанов):
    • Облыс аумағындағы кәсіпорын басшыларына  қоршаған ортаны қорғау шараларын күшейту, жергілікті экологиялық ахуалды бақылау, қорғау, өндірістің экологиялық сенімділік  деңгейін арттыру, экологиялық аудит процедураларын кеңінен енгізу, өндірістік қалдықтармен ластанған суларды тазартудағы  орын алып отырған проблемаларды шешуде шетелдік оң тәжірибелерді кеңнен пайдалану
  3. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы (А.Байшаханов) «Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумағын абаттандыру қағидаларын белгілеу туралы» Ережесін шұғыл дайындап, бекітілуін қадағалауға;
  4. Атырау қаласы мен аудан әкімдеріне:
    • Типті полигон салу жұмыстарын қаржыландыру, қалдықтарды сұрыптау жұмыстарын жолға қою;
    • Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу, жинау және тасымалдау, қалдықтарға арналған контейнерлер  алаңдарын орналастыру, ірі габаритті қалдықтарды  т.б. қалдықтар санаттарын қадеге жарату жүйелерін дамыту, қалдықтармен тұрақты жұмыс істеу және осы бағыттағы істелетін барлық операцияларды күнделікті бақылау, қалдықтардың қалыптасуын болдырмау және мейлінше азайту, қауіпті өндірістік, тұрмыстық қалдықтардың өңдеу жүйесіне  көңіл бөлу, қағаз, пластик, шыны, металл қалдықтарын бөлек жинау, тұрмыстық, өндірістік, құрылыс қалдықтарына  арналған  полигиондар  орналастыру, залалсыздандыру, жер асты және жер үсті көму  тәртіптерін Ережеге сай  ұйымдастыру, қоқыс қалдықтарымен ластанған, канализация жүйелері арқылы булану алаңдарына шығарылатын сарқынды суларды тазартудың  биологиялық, физико-химиялық әдістерін қолдану
  5. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына (Қ.Арыстанов), Атырау қаласы және аудан әкімдеріне:
    • Қоғамдық кеңес отырысында көтерілген мәселелерді мұқият зерделеп, тиісті ұйымдастару шараларын алып, экологиялық мәселелелердің шешілуіне қаражат бөлуді бақылауда ұстау ұсынылады.
    • Осы қарардың орындалуы туралы хабарлама 2016 жылдың 01 желтоқсанына  қоғамдық кеңес хатшылығына тапсырылсын.

 

Қоғамдық кеңес

төрағасы                                                                                М.С.Өтешов