ОПОВЕЩЕНИЕ

 

Бірлігімізді, беріктігімізді көрсететін тағы да күн туды. Әлемді шарлаған пандемия қасіретінің қара бұлтының қазақ жеріне үйірілгеніне төрт айдан астам уақыт өтті. Қаншама денсаулық сақтау шаралары алынып, халықты короновирус азабынан шығару шаралары істелсе де, індет өршуін тоқтатпай, күнбе-күн, кеше ғана қасымызда жүрген таныстардың, туысқандардың,жалпы өңір тұрғындарының қайтпас сапарға кеткен қайғылы хабарын естіп қиналудамыз.

Кешегі өткен Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, республика бойынша екі апталық карантин жариялау туралы шешімі қазіргі уақыттағы ең дұрыс шара.

Осы шараны бұлжытпай қадағалау, әрбір қазақстандықтың тікелей құзырында,бетперде,арақашықтық сақтау,адамдардың көп жиналатын ортасында болмау, той-думандардан бойды аулақ салу, үйден шықпау, тағы да басқа нұсқауларды мүлтіксіз орындау- бәрімізді, бала-шағамызды осы індеттен аман сақтайтын бір ғана- жол. 

Қазіргі  өңірдегі ауруханалардың жетпестігінің орнын толтыруға, дәрі-дәрмекпен қамту мәселелерімен,дәрігерлік құраммен толықтыру, корановирустен сақтандыру жолдарын ақпараттандыру, қосымша материалдық, қаржылық,әлеуметтік  проблемаларды шешу жолдары, сондай-ақ, тұрғындарды азық-түлік және ең қажетті тауарлармен қамтамасыз етуді облыс басшылығы қатаң қадағалауда. Сонымен қатар, осы күрделі жағдайды пайдаланып, алаяқтыққа алыпсатарлыққа  жол бермеу шаралары алынуда.

«Тәртіпке бағынған құл болмайды,тәртіпсіз ел болмайды» деген Баукеңнің сөзін ту қылып ұстап, бұрынғыша алаңсыз, емін-еркін жайбарақат жүру өзіңе, жанұяңа, Отаныңа қауіп екенін, ішкі дүниеңмен шын сезіну қажет. Ауыл-ел бесігі болса,сол ұяны індеттен сақтау үшін, ата-бабаның  үлгі істерін, қасиетті амалдарын қолдануымыз керек.

Атырау өңірі өткен ғасырдың 60-70-80 жылдары ең қатерлі оба, тырысқақ індеттерімен күресте абыроймен шыққанын аға ұрпақ ұмытпаған болар.

1969-1970 жылдардағы Атырау облысы көлемінде орын алған «тырысқақ» індетінен бірде бір адам қатаң тәртіптің арқасында шетінемей, ел болып жұмылып істеген іс, абыройлы аяқталды. 

Менің есімде, 1987 жылы Жылыой ауданының Ақкиізтоғай елді мекенінде  тырысқақ індетіне байланысты карантин жарияланып, оған Ташкенттегі Қазақстан мен Орта Азия санэпидемиологиялық жүйесінің басшысы А.Сүлейменова ханым тікелей басшылық жасап,аумақты перимертиялды қоршатып,адамдар мен малдарды оқшаулап, тәртіпті мүлтіксіз /беспрекословно/ орындау талаптарын енгізген болатын.

Сол бір қиын кезеңдерді бастарынан өткізген Е.Т.Тасқынбаев, А.Айбаров, М.Ғабдысәлімова,М.Сапаров, Ә.Бисенов,дәрігерлер Ғ.Шаңгереев, М.Тлесова, Ж.Жетібаевтар бүгінде ортамызда.

Корановируспен  күресті жалпы халықтық рельске қойып, бәріміз бір адамдай жұмылып, індетті жеңуге ат салысуымыз керек.

Өмір адамға бір рет берілсе,жаратқанның сыйын қадірлейік, баршамыз болып, карантин талаптарын орындайық!

 

ӨТЕШОВМ.С.  -  АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ                                                                          КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

 

 

Добро пожаловать на сайт Общественного совета Атырауской области!

26 мая (1).jpg
19 мая (1).jpg
19 мая.jpg
20 февраля.jpg
21 апреля 2016.jpg
26 мая (2).jpg
1.jpeg
2.jpeg

В ноябре 2015 года был принят новый Закон об общественных советах № 383-V. Закон направлен на реализацию Плана Нации – 100 конкретных шагов по реализации пяти институциональных реформ в части усиления роли общественных советов, призванных обеспечить реализацию государственной политики по формированию подотчетного перед населением государства, обеспечение широкого участия общественных институтов и граждан в принятии решений государственными органами всех уровней. На сайте Вы можете ознакомится с полезной информацией и деятельностью Общественного совета Атырауской области, а так же оставить свои предложения.